АСТАНА, 15 қараша - Sputnik. Қытай Ресейді G20-дан және басқа да халықаралық алаңдардан шығаруға қарсы, деп мәлімдеді ҚХР сыртқы істер министрі Ван И.
"Сіздің G20 саммитіне жеке қатысқаныңызға, саммитте Ресей делегациясын бастап келгеніңізге өте қуаныштымыз. Біз Ресейдің халықаралық алаңдардағы рөлін қолдаймыз және Ресейді көпжақты форматтарға қатыса құқығынан айыруға ешкімнің хақы жоқ деп санаймыз", - деді Ван И G20 саммиті аясында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу кезінде.
Ол ресейлік әріптесімен "өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді, сондай-ақ екіжақты қарым-қатынастың тұрақты қарқынын сақтау бойынша ынтымақтастықты" талқылауға ниетті екенін атап өтті, деп жазды РИА Новости.