Экономика

Пірматов базалық ставка жайлы: қажет болса, тағы да көтеруге дайынбыз

Sputnik
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Қазақстан қаржыгерлерінің X конгресі барысында Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматов базалық ставканың мөлшері тағы да көтерілуі мүмкін екенін жоққа шығармады.
"Қазір біз болжамдарымызды жаңарту бағытында жұмыс істеп жатырмыз. Осы болжамның қорытындысы бойынша деректер мен бірқатар макроэкономкалық факторға сүйене отырып, шешім қабылдаймыз. Егер қажет болса, базалық мөлшерлемені тағы да көтеруге әзірміз. Шешімді 5 желтоқсанда жариялаймыз", - деді Пірматов.
Ол кәсіби ортадағы базалық мөлшерлемеге қатысты пікірталасты құптайтынын атап өтті.
"Нарықтағы кәсіби қатысушылар күннен күнге біздің шешімдердің түпкі мәнін түсіне бастағанын көріп отырмын. Мөлшерлемені тым төмен дейтіндер де, керісінше, оны тым жоғары дейтіндер де бар. Дегенмен, кәсіби ортадағы пікірталастарға қарап, ақпараттандырылудың әлдеқайда жоғары екенін байқап отырмыз. Біз мұны құптаймыз", - деді Ұлттық банк төрағасы.
Еске салсақ, биыл 26 қазанда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 16%-ке дейін көтерді.
Базалық мөлшерлеме 16%-ға дейін көтеріледі – Ұлттық банк