Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Лавров келіссөзге қатысты хабарламаны қауесет деп атады

Sputnik
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың Украина бойынша келіссөзге дайындалып жатқаны туралы хабарламаны қауесет деп атады.

"Америкалықтар қандай да бір келіссөз дайындап жатыр деген ақпаратқа келер болсақ, мұндай қауесет үнемі пайда болады және жоғалып кетеді. Бұған мән бермеуге үйрендік", - деді ол G20 саммитіндегі баспасөз конференциясы кезінде.

Бұған дейін Politico АҚШ әкімшілігінің белгісіз өкілдеріне сілтеме жасай отырып, америкалық Мемлекеттік департамент Украина мен Ресей арасындағы ықтимал бейбіт келіссөздер үшін құпия түрде негіз дайындап жатқанын хабарлады. Бірақ Вашингтонда бұл мәселеге қатысты біртұтас көзқарас жоқ екенін жазған.
Еске салсақ, 15-16 қарашада Индонезияның Бали аралында G20 саммиті өтіп жатыр.
Саясат
Қытай Ресейді G20 және басқа да халықаралық алаңдардан шығаруға қарсы