G20 саммиті: Си Цзиньпин біржақты санкцияларды алып тастауға шақырды

Sputnik
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпин G20 саммитінде сөйлеген сөзінде азық-түлік пен энергетика мәселелерін саясаттандыру мен қаруландыруға қарсы тұруға, біржақты санкцияларды алып тастауға және тиісті ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа енгізілген шектеулерді жоюға шақырды.
Си Цзиньпин азық-түлік және энергетикалық қауіпсіздік жаһандық даму саласындағы ең өзекті мәселе болып саналатынын айтты, деп хабарлады Қытайдың орталық телеарнасы.
Қазіргі дағдарысқа өндіріс пен сұраныс саласындағы проблемалар емес, жеткізу тізбегіндегі проблемалар мен халықаралық ынтымақтастықтың бұзылуы басты себеп болып отыр, деп пікір білдірді Қытай төрағасы.
"Азық-түлік және энергетика мәселелерін саясиландыру мен қаруландыруға батыл қарсы тұру керек, біржақты санкцияларды алып тастау және тиісті ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа шектеулерді жою қажет", - деді ол.
Еске салсақ, 15-16 қарашада Индонезияның Бали қаласында G20 саммиті өтіп жатыр.