Бақытгүл Хаменова сотталды

Sputnik
АСТАНА, 15 қараша – Sputnik. Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова 7 жылға бас бостандығын айыру жазасына кесілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сот үкіміне сәйкес, Хаменова кәмелетке толмаған баласы болуына байланысты жазасын 3 жылдан кейін қауіпсіздігі орташа мекемеде өтейді. Оны сот залынан үйіне жіберді.
Ал облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиев 7 жылға, "Балқыту" ЖШС директоры Өміртай Адамов 4 жылға сотталды.
Сотталушылардың барлығы мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Оған қоса, Хаменованы "Құрмет" орденінен айыру туралы ұсыныс президентке енгізілді. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.