Елорда тынысы

Астанада жаңа көше ашылды

Sputnik
АЛМАТЫ, 15 қараша - Sputnik. Астанада Қордай көшесінен Астана – Қарағанды тас жолына дейінгі аралықта 8 жолақты көше ашылды. Жұмыстың бір бөлігі аяқталды, 4 жолақ бойынша қозғалыс ашық. Қалған 4 жолақты абаттандыру жұмысы көктемде жалғасады, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.
Бұл көше Қарағанды тасжолы, "Нұрлы Жол" теміржол вокзалы және қаланың сол жағалауы арасындағы көлік байланысын қамтамасыз етеді. Осылайша Нәжімеденов, Байтұрсынов көшелеріндегі көлік ағынын сейілтті, оның бір бөлігі Қошқарбаев даңғылынан, Айнакөл көшесінен, Абылайхан даңғылынан және Қобда көшесінен кетеді.
Астанада жаңа көше ашылды
Осыған дейін Ұлы дала даңғылындағы жаңа көпір үстіндегі қозғалыс ашылған болатын. Көпір Мәңгілік ел даңғылына, А. Байтұрсынов, Р. Қошқарбаев, Ж. Нәжімеденов көшелеріне, Nova City ауданына, "Мыңжылдық" аллеясында көлік ағынын сейілтуге, "Нұрлы жол" жаңа вокзалына, Тельман және Промышленный елді мекендеріне, Метро гипермаркетіне, Жұмабаев даңғылына, Жүргенов көшесіне қозғалысқа мүмкіндік жасайды.
Есіл өзені арқылы Тәуелсіздік даңғылының бойында орналасқан тағы бір көлік көпірі 2023 жылы ашылады. Бұл көпір Тәуелсіздік даңғылы, жаңа теміржол вокзалы аумағы, Қошқарбаев даңғылы, Нәжімеденов көшесі, Әзірет Сұлтан мешіті ауданы, Байтұрсынов көшесі, Қордай, Айнакөл, Момышұлы даңғылы және т.б. қосымша байланысты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар соңғы жылдары 400-ден астам көше жөнделді, олардың жартысы елді мекендерде орналасқан.