Алматы облысында дүкеннен шыққан өрттің салдарынан екі үй отқа оранды

Sputnik
АЛМАТЫ, 15 қараша - Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Ұлан ауылында азық-түлік дүкені мен көрші тұрған тұрғын үйлер өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 14 қараша сағат 00:06-да болған. Дүкенде электр желісінен шыққан өрт ғимаратты күлге айналдырған. Сондай-ақ дүкен жанындағы екі баспананың бірі толықтай, ал екіншісінің шатыры жанып кеткен.
Алматы облысында дүкеннен шыққан өрттің салдарынан екі үй отқа оранды
"Мен үш баламмен далада қалдым. Туыстарымыздың үйінде жүрміз босып. Дүкеннің иесіне шығынды өтеп бер деп отырмын. Бірақ ол келісер түрі жоқ. Маған келген шығын 8 млн теңге. Енді сотқа жүгінеміз", - дейді баспанасы өртенген Тимур Титаренко.
Ал азық-түлік дүкенінің иесі 33 млн шығынға батқанын айтады.
"Бір де бір затты алып шыға алмадық. Әп-сәтте өртеніп кетті. Дүкенге көрші тұрған екі баспананың шығыны - 11 млн теңге. Өзім 33 млн теңгенің тауарынан айырылдым. Қазір көршілерге беретін көк тиын жоқ. Олар түгел төлеп бер деп талап етіп отыр", - дейді дүкен иесі Мадина Досанова.
Алматы облысында дүкеннен шыққан өрттің салдарынан екі үй отқа оранды
Оқиға орнына шақыртудың жоғары дәрежесі бойынша өртке қарсы қызмет дереу жіберілді. Қашықтық 15 шақырым болғандықтан өрт сөндірушілер 25 минутта келген. Өрт 01:51-де сөндірілді.
Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Айта кетейік, жыл басынан бері Алматы облысында 457 өрт тіркеліп, салдарынан 14 адам көз жұмған.
1 / 3
2 / 3
3 / 3