АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Қызылорда қаласында тойда газды тапаншамен аспанға оқ атқан жас жігіт қамауға алынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.
Өткен демалыс күндері желіде белгісіз азаматтың газды тапаншамен аспанға оқ атқан видеосы тарады. Полицейлер бірден тексеріс шараларын бастады. Соның нәтижесінде Қызылорданың 24 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол тойда көлікпен жүргенде оқ атқан.
Тәртіп бұзушы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің үш бірдей бабы - 434-бабы (Ұсақ бұзақылық), 484-бабы (Азаматтық, қызметтік қаруды пайдалану тәртібін бұзу) мен 485-бабы (Газды қаруды құқыққа қарсы қолдану) бойынша жауақа тартылып, 7 тәулікке қамауға алынды.