Ыстанбұлдағы жарылыс: күдікті қамауға алынды

Sputnik
АСТАНА, 14 қараша – Sputnik. Түрік полициясы Ыстанбұлдың Истикляль көшесінде бомба қалдыруы мүмкін адамды ұстады, деп хабарлады Түркия ішкі істер министрлігінің басшысы Сүлейман Сойлу.
"Бомбаны қалдырған адам ұсталды", - деп TRT World телеарнасы шенеуніктің сөзінен үзінді келтірді.
Оның айтуынша, алғашқы мәліметтерге қарағанда, жарылыстың артында Күрдістан жұмыс партиясы (КЖП) мен күрдтердің Халықтық өзін-өзі қорғау жасақтары (YPG) тұр.
Түркия билігі әйел адам жасаған жарылысты теракт деп бағалап отыр.
Еске сала кетейік, Ыстанбұлдағы жарылыстан 6 адам қаза тауып, 53 адам жараланды.