Спорт

"Каспий" футбол клубының бас бапкері тағайындалды

Sputnik
АСТАНА, 13 қараша - Sputnik. "Каспий" футбол клубының бас бапкері қызметіне грузиялық маман Кахабер Цхададзе тағайындалды.
"Бас бапкеріміз біздің клубымызбен бүгін келісімшартқа отырды. Кахабер Цхададзены тағайындау іс-шарасында Қазақстан футбол федерациясының атқарушы комитетінің мүшесі Ербол Еділов қатысты. Жаңа бапкеріміз бен командамызға сәттілік тілейміз", - делінген клубтың әлеуметтік желідегі ресми парақшасында.
Айта кетері, Кахабер Цхададзе бұған дейін шымкенттік "Ордабасы" мен алматылық "Қайратты" басқарған. Соңғы қызмет орны – Тбилисидің "Динамосы". Оған 2021 жылдан бастап бапкер болды.