Оқиға

Ақтауда жас жігітке оқ атты – полиция алты адамды ұстады

Sputnik
АСТАНА, 13 қараша - Sputnik. Ақтау қаласының полициясы дәмханада оқ атқандарды ұстады. Кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша алты адам қамауға алынды, деп хабарлайды Polisia.
Ресми мәліметке сәйкес, 12 қарашада Маңғыстау облыстық ауруханасына "WOW" кафесінен 19 жастағы екі ер адам жеткізілді. Біреуі оқ жарақатын, ал екіншісі тізе буынының жабық жарақатын алған.
Ақтаулық полиция бір күннің ішінде дәмханада оқ атқандарды тапты. Алтауы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қылмыстық кодекстің 24-бабының 3-бөлігі, 99-бабы, 2-бөлігінің 9-тармағы ("кісі өлтіруге оқталу") бойынша сотқа дейігі тергеу шаралары басталды.