Әлем

Әлем халқының саны 8 миллиардқа жуықтады

Sputnik
АСТАНА, 13 қараша - Sputnik. Әлем халқының саны сегіз миллиард адамға жуықтады. Бұл туралы Worldometers.info статистикалық сайтының мәліметінде жазылған.
2011 жылы әлем халқының саны жеті миллиардқа жеткен болатын.
15 тамызда Біріккен Ұлттар Ұйымы 15 қарашаға қарай әлем халқының саны сегіз миллиардқа жетеді деген болжамын жариялады.
Бұған дейін The Wall Street Journal журналисі ғалымдардың болжамдарына сілтеме жасай отырып, Жер халқының саны 10 миллиардқа жете алмайтынын жазған.
Олардың мәліметі бойынша, 2070 жылдары адам саны шамамен 9,6 миллиардқа жеткеннен кейін құлдырау басталады.
Әлем
Қытай халқы жылдам қартайып барады