АСТАНА, 12 қараша - Sputnik. Иордания астанасына бокстан Азия чемпионатының финалдық жекпе-жектері басталды. Алғашқы жекпе-жекте қазақстандық Санжар Тәшкенбай жапониялық Аратаке Кадзумамен кездесті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бірінші раунда төрешілердің басым бөлігі Санжар Тәшкенбайға жоғары ұпай қойды. Біреуі ғана қарсыласы басым болды деген шешімге келді. Екінші раундта қазақстандық боксшы қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Соның арқасында тағы айқын басымдыққа ие болды. Жапониялық боксшы үшінші раундта ештеңе істей алмады. Санжар Тәшкенбай айқын басымдықпен жеңіске жетіп, алтыннан алқа тақты.
Осылайша, боксшы жігіттер финалдық жекпе-жектерін жеңіспен бастады.
Бүгін тағы бірнеше боксшымыз бірінші орынға таласады. Олар:
51 келіде Сәкен Бибосынов — Хасанбой Дусматов (Өзбекстан);
54 келіде Махмуд Сабырхан — Карло Паалам (Филиппин);
57 келіде Серік Теміржанов — Абдумалик Халоков (Өзбекстан);
67 келіде Дулат Бекбауов — Бунджонг Синсири (Тайланд);
71 келіде Асланбек Шымбергенов — Зеяд Ишайш (Иордания);
75 келіде Нұрқанат Райыс — Саиджамшид Джафаров (Өзбекстан);
92 келіде Айбек Оралбай — Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан);
+92 келіде Қамшыбек Қоңқабаев — Лазизбек Муллажонов (Өзбекстан).
Әйелдер құрамасы 9 медаль жеңіп алды
Бұған дейін боксшы қыздарымыз ел қоржынына үш алтын, бір күміс және бес қола алып келген болатын.
Алтын медаль:
Алуа Балқыбекова (48 келі);
Жайна Шекербекова (54 келі);
Карина Ибрагимова (57 келі).
Күміс медаль:
Гүлсая Ержан (81 келі);
Қола медаль:
Назым Қызайбай (50 келі);
Жазира Орақбаева (52 келі);
Мәдина Нұршаева (66 келі);
Дариға Шәкімова (70 келі);
Ляззат Күнгейбаева (+81 келі).