АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Қазақстанда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары жыл басынан бері 20,7 %-ке қымбаттады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, өткен аптада әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасы тағы 0,2 процентке көтерілді.
Бір аптаның ішінде қымбаттаған тауарлар:
жұмыртқа, І санат + 1,6%
пияз + 0,7%
орамжапырақ + 0,6%
Ал сәбіз (– 0,7%) бен қант (– 0,2%) сәл арзандады.
Әлеуметтік маңызы бар кейбір тауарлардың орташа бағасы:
түтік кеспенің (рожки) келісі – 294 теңге;
сиыр еті, жауырын-төс бөлігінің келісі – 2 279 теңге;
бір литр айран 2,5% – 349 теңге.
Ал жылдық мәнде осы санаттағы тауарлар 20,2%-ке қымбаттады, бұл 2021 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 6,4 процентке жоғары.
Айта кетері, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 өнім кіреді. Олар: түтік кеспе, қарақұмық, күріш, картоп, сәбіз, пияз, орамжапырақ, қант, күнбағыс майы, сиыр мен тауық еті, сүт, айран, жұмыртқа.