АСТАНА, 11 қараша - Sputnik. Жұма күні Өзбекстанның Самарқанд қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы басшыларының саммиті өтеді. Бұл Түркі кеңесінің атауын Түркі мемлекеттері ұйымы деп өзгерткеннен кейінгі бірінші жоғары деңгейдегі кездесу болмақ.
Шараға Өзбекстан, Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан және Түркия президенттері қатысады. Оған қоса, Венгрия премьер-министрі мен Түрікменстан парламентінің жоғарғы палатасының басшысы болады. Олар бақылаушылар ретінде қатысады.

Кеше президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының саммитіне қатысушы мемлекет басшыларымен бірге Самарқандтағы "Мәңгілік қала" кешенінде ұйымдастырылған концертті тамашалады, деп хабарлады Ақорда.
Саммит тақырыбы – "Түркі өркениетінің жаңа дәуірі: ортақ даму мен өркендеу жолында". Отырыста ұйымға мүше елдер мен бақылаушы мәртебесі бар мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастықты, сондай-ақ халықаралық мәселелерді талқылау жоспарлануда. Самарқанд декларациясы қабылданады.
Сондай-ақ сауданы қолдау стратегиясы бекітіліп, бастапқы капиталы 500 миллион долларға дейін болатын инвестициялық қор құру туралы шешім қабылданады. Оған ұйым мемлекеттері мен Даму Банкі тең мөлшерде үлес қосады.
Өзбекстан сыртқы істер министрі Владимир Норовтың айтуынша, саммит барысында қол қойылған құжаттар ұйымның 2026 жылға дейінгі дамуын айқындайды.
Өзбекстан сыртқы істер министрі Владимир Норовтың айтуынша, саммит барысында қол қойылған құжаттар ұйымның 2026 жылға дейінгі дамуын айқындайды.