Спорт

Он үш боксшымыз Азия чемпионатының финалына шықты

Sputnik
АСТАНА, 11 қараша - Sputnik. Иорданияның Амман қаласында өтіп жатқан бокстан Азия чемпионатының финалында 13 қазақстандық боксшы алтын медаль үшін таласады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Бүгін, 11 қарашада Астана уақыты бойынша сағат 16:00-де әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектер өтеді. Оған Қазақстанның 4 боксшы қызы қатысады:
48 келіде Алуа Балқыбекова — Като Хикару (Жапония);
54 келіде Жайна Шекербекова — Джутамас Джитпонг (Тайланд);
57 келіде Карина Ибрагимова — Ирие Сена (Жапония);
81 келіде Гүлсая Ержан — Савити (Үндістан).
Ал сенбі, 12 қарашада ерлер арасындағы жекпе-жектер өтеді. Оған Қазақстанның 9 бірдей боксшысы шығады:
48 келіде Санжар Тәшкенбай — Аратаке Кадзума (Жапония);
51 келіде Сәкен Бибосынов — Хасанбой Дусматов (Өзбекстан);
54 келіде Махмуд Сабырхан — Карло Паалам (Филиппин);
57 келіде Серік Теміржанов — Абдумалик Халоков (Өзбекстан);
67 келіде Дулат Бекбауов — Бунджонг Синсири (Тайланд);
71 келіде Асланбек Шымбергенов — Зеяд Ишайш (Иордания);
75 келіде Нұрқанат Райыс — Саиджамшид Джафаров (Өзбекстан);
92 келіде Айбек Оралбай — Мадияр Сайдрахимов (Өзбекстан);
+92 келіже Қамшыбек Қоңқабаев — Лазизбек Муллажонов (Өзбекстан).
Финалдық жекпе-жектер күндіз сағат 16:00-де басталады. Оны республикалық арналардан көруге болады.