Өңірлер

Алматыда су құбыры жарылды - 100-ге жуық үй жылусыз қалды

Sputnik
АСТАНА, 10 қараша - Sputnik. Алматы әкімдігі су құбырының жарылуына байланысты ақпарат берді. Апат салдарынан 100-ге жуық үй жылусыз қалған.

"67 көппәтерлі және 2 жеке тұрғын үй, 6 білім беру нысаны және 20-дан астам өзге де нысанда уақытша жылу және ыстық су болмайды", - деді әкімдікте.

Гоголь-Шәріпов көшелерінің қиылысындағы диаметрі 400 мм жылу трассасы сыртқы коррозия салдарынан зақымданған.
Жылу магистралі 30 жылдан астам уақыт бұрын – 1986 жылы пайдалануға берілген. Құбырдың тозығы жеткендіктен соңғы жылдары бұл учаскеде 17 рет апат болды. Бүгінгі оқиға – осымен 18-нші жағдай.
"АлТС" ЖШС апат салдарын жоюмен айналысып жатыр. 3 техника мен 18 қызметкер жұмылдырылды.