Экономика

Тоқаев Shell компаниясының бас атқарушы директорын "Достық" орденімен марапаттады

Sputnik
АСТАНА, 9 қараша – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Shell компаниясының басшылығымен кездесті. Мемлекет басшысы бас атқарушы директор Бен ван Берденді мұнай-газ өнеркәсібін дамытуға қосқан үлесі үшін ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады, деп хабарлайды Ақорда.
Тоқаев Shell plc компаниясының бас атқарушы директоры Бен ван Берденмен және газ, ЖЭК, энергетика салаларындағы кешенді шешімдер бөлімшесінің директоры Уаэль Сауанмен кездесті.
Әңгімелесу барысында мұнай-газ және энергетика секторларындағы ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Қарашығанақ және Қашаған кен орындарын одан әрі игеруге ерекше назар аударылды.
Президент Shell компаниясының басшылығымен кездесті
Президент жақын арада қызметінен босайтын Бен ван Берденге Қазақстанның мұнай-газ саласын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс айтты. Сондай-ақ аталған компанияның басшылығына келетін Уаэль Сауанға табыс тіледі. Президент оның қызметі елімізбен өзара тиімді серіктестікті дамытуға септігін тигізетініне сенім білдірді.
Кездесу соңында мемлекет басшысы мұнай-газ өнеркәсібін дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Бен ван Берденді ІІ дәрежелі "Достық" орденімен марапаттады.