Қымбат көліктер, элиталық үйлер мен жер - ұсталған Тоқтабаевтың қандай мүлкі анықталды

Sputnik
АСТАНА, 9 қараша - Sputnik. Бұрынғы индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мен бас прокуратура өткізген тексеріске сәйкес, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің лауазымды тұлғалары бұрын барлау жасалған кен орындарын бойынша құжаттарды әдейі жасырған.
Одан кейін барлау өткізіледі деген сылтаумен пайдалы қазбалар қоры онсыз да белгілі болып тұрған кен орындарын аукционсыз заңсыз таратты. Кәсіпкерлер ол жерлерді арзан бағаға алған. Ал мемлекетке ондаған миллиард теңгеге шығын келді.
"7 қарашада лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдік бойынша бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев ұсталды", - делінген ресми хабарламада.
Тергеу соттың санкциясымен Тоқтабаев пен оның жақын туыстарының атына жазылған қымбат жылжымалы және жылжымайтын мүлкі анықталып, арест қойылды. Соның ішінде элиталық жеке үйлер, жер учаскелері, Cadillac Escalade маркалы автокөліктері, Mercedes-Benz Maybach S580 4 Matic, екі BMW X5 Xdrive40I, Bentley Bentayga V8 бар.