Спорт

Астаналық спортшы қыз парадзюдодан әлем чемпионы атанды

Sputnik
АЛМАТЫ, 9 қараша – Sputnik. Бакуде өтіп жатқан парадзюдодан әлем чемпионатында елордалық спортшы Ақмарал Науатбек жеңімпаз атанды.
Ақмарал Науатбек финалда Паралимпиада ойындарының екі дүркін жеңімпазы француз Орери Мартинет Сандринді жеңді. Ол әйелдер арасында пара дзюдодан Қазақстан тарихындағы алғашқы алтын медальді қанжығасына байлады, деп хабарлайды Астана әкімдігінің сайты.
Олжас Оразалы тәуелсіз Қазақстан тарихында тұңғыш рет 2018 жылы парадзюдодан 60 келі салмақ дәрежесінде өткен әлем чемпионатында алтын медалге ие болған еді.
8-11 қараша аралығында Бакуде парадзюдодан әлем чемпионаты өтіп жатыр. Әлемнің 40-тан астам елінен 300-ден астам спортшы қатысып жатқан жарыста Қазақстанның намысын 18 парадзюдошы қорғап жүр. Оның екеуі Астана қаласының спортшылары
Спорт
Елена Рыбакина Ұлыбританияда сәтті өнер көрсетіп, Қазақстанға жеңіс әкелді