АЛМАТЫ, 9 қараша - Sputnik. Алматыда аяғы ауыр келіншек "Алма сити" тұрғын үй кешенінің 8-ші қабатынан секіріп кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Әлеуметтік желіде осыған қатысты бейнежазба тарап кетті. Марқұм 2000 жылғы, аяғы ауыр болғаны айтылған. Келіншектің мұндай қадамға баруына отбасындағы жанжал себеп болды делінген.
Алматы қалалық полиция департаменті сот-медициналық сараптама жүргізілетін хабарлады.
"Бұл фактіні Наурызбай аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне тіркеді. Оқиғаның себебі мен басқа да мән-жайы анықталып жатыр", - деді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметкері Салтанат Әзірбек.