Жапонияға тікелей рейстерді жандандыру жоспарланып отыр – министрлік

Sputnik
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев Жапонияның төтенше және өкілетті елшісі Ямада Джунмен кездесті, деп хабарлайды индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомствоның хабарлауынша, тараптар Жапонияға тікелей рейстерді қалпына келтіруді талқылады. Токиоға ұшуды 5-ші дәрежелі әуе еркіндігін қолдану арқылы жүзеге асыру жоспарланып отыр.

"Тараптар екі ел арасындағы рейстерге арналған авиациялық билік органдары дайындаған құқықтық базаға, сондай-ақ Қазақстан мен Жапония арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жылдығына оң баға берді", - деп хабарлады ведомстводағылар.

Министрлік мамандары атап өткендей, Қазақстан тарапы Жапонияға рейстерді қалпына келтіруге дайын және мүдделі екенін білдірді.
Қазақстан азаматтары Иранға визасыз кіре алады – сыртқы істер министрлігі