Қоғам

Президент: халқымыз діни ұстанымына қарап ешкімді кемсітпеген

Ол радикалды ағымдар мен діни сепаратизмге орын жоқ екенін айтты
Sputnik
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Атырау облысына жұмыс сапарымен барған Қасым-Жомарт Тоқаев дін мәселесіне тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Президент өз сөзінде Қазақстан – зайырлы мемлекет екенін, ал Конституцияда дін бостандығына кепілдік берілгенін ерекше атап өтті.
"Бірақ, зайырлы және төзімді, толерантты болу дегеніміз бәріне көз жұма қарап, жайбарақат отыру деген сөз емес. Біз елдің қауіпсіздігі мен тұтастығына нұқсан келтіруге ешқашан жол бермейміз. Радикалды ағымдар мен діни сепаратизмге ортамызда орын жоқ. Бабаларымыз ғасырлар бойы ислам дінін ұстанған. Шариғаттың шарттары мен халқымыздың әдет-ғұрпы үндескен дәстүрлі ата дініміз бар", - деді Тоқаев жергілікті халықпен болған кездесуде.
Мемлекет басшысы ата жолын сақтау, сондай-ақ, дін мен салт-дәстүрді берік ұстау парыз екенін жеткізді. Осы орайда жастарға дұрыс бағыт-бағдар беру аса маңызды.
"Қазақтың жерін ежелгі заманнан түрлі діни наным өкілдері мекендеген. Халқымыз діни ұстанымына қарап ешкімді кемсітпеген. Бәрі татулықта өмір сүрген", - деді президент.
Жақында Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезіне қатысушылар да мұны айрықша атап өтті.
Саясат
Әділдік болмаса, мықты мемлекеттің өзі автократияға айналады - Тоқаев