АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Өткен тәулікте республика бойынша коронавирус жұқтырған бір адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.
Айта кетері, Сovid-19-дан адам өлімі ұзақ уақыт ішінде алғаш рет тіркеліп отыр.
Сондай-ақ өткен тәулікте 47 қазақстандықтың коронавирусқа тапсырған ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті.
Жалпы елімізде пандемия басталғалы бері 1 395 047 адам коронавирус жұқтырды, 13 693 адам індеттен көз жұмды.
8 қарашадағы мәлімет бойынша, 693 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, олардың ішінде 82 пациент стационарда, 611 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.
Індетке шалдыққандар арасында:
8 науқастың жағдайы ауыр,
2 пациенттің жағдайы өте ауыр,
1 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.