Президент сайлауы - 2022

Президент сайлауы: телевизиялық дебатқа Тоқаев қатыспайды

Sputnik
АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. 11 қарашада президенттікке үміткерлердің қатысуымен өтетін телевизиялық дебатқа Қасым-Жомарт Тоқаевтың орнына оның сенімді өкілі Ерлан Қошанов қатысады. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының отырысында белгілі болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Сайлау алдындағы телевизиялық пікірсайыстар мен пікірталас 11 қарашада "Хабар" телеарнасында өтеді. Дебат тікелей эфирде кешкі сағат сегізде басталады. ОСК мүшесі Анастасия Щегорцованың айтуынша, телевизиялық дебат төрт раундтан тұрады.
Бірінші раунд – сайлау алдындағы бағдарламаның тұсаукесері. Әр қатысушы өз сайлауалды бағдарламасын ұсыну мақсатында сөз сөйлейді.
Екінші раунд – пікірталас сессиясы. Қатысушылар қарсыластарына екі сұрақ қояды, сонымен қатар екі сұраққа жауап береді.
Үшінші раунд – сайлаушылардың сұрақтары. Әр кандидатқа бір сұрақ қойылады.
Төртінші раунд – сайлаушыларға үндеу. Қатысушылар сайлаушыларға тікелей жүгінеді.
Телевизиялық дебатқа қатысатындар:
1.
Қарақат Әбден;
2.
Нұрлан Әуесбаев;
3.
Жигули Дайрабаев;
4.
Мейрам Қажыкен;
5.
Ерлан Қошанов;
6.
Салтанат Тұрсынбекова.
Айта кетері, кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді.
Телевизиялық дебаттың ұзақтығы 80 минуттан кем емес. Пікірталас екі тілде өтеді, кім қай тілді таңдайды, сол тілде сөйлейді.
Телевизиялық дебатты өткізуге "Хабар" телеарнасы 63 миллион теңге сұраған. Телеарна өкілінің айтуынша, бұл қаражат арнайы студияны жарақтандыруға, жарық, тікелей эфир кезіндегі байланысқа, қызметкерлер тартуға жұмсалады.
Сайлау процесіне шетелдіктер араласпауы үшін қандай шаралар атқарылды