АСТАНА, 8 қараша – Sputnik. Алматы облысында пышақпен халықты қорқытқан зауыт директоры видеоға түсіп қалды. Полиция тексеріс шараларын бастады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде екі қолына пышақ ұстап алып, қарсыласына қоқан-лоқы көрсетіп жүрген ер адамның видеосы тарады. Сол жерде тұрған адамдар оны тоқтатуға тырысқан.
Оқиға Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданындағы Қайназар ауылында түсірілген. Облыстық полиция департаменті ақпаратты растады.
"Мас болған кірпіш зауытының директорлары мен жергілікті халық арасында жанжал туындаған. Тәртіпбұзушылық Еңбекшіқазақ аудандық полиция басқармасында тіркелді. Қазіргі кезде тергеу шаралары басталды", - деді тәртіп сақшылары.