Бүгін АҚШ-та өтетін сайлауға Ресейде қызығушылық үлкен. Себебі, кейбіреулер сайлау нәтижесі Украинадағы әскери іс-қимылға әсер етеді деп ойлап отыр. Бірақ, Америка қазір Украинаны өз уысынан шығармайды және Ресейге қарсы әрекетті бәсеңдетпейді. Дегенмен, 8 қарашадағы дауыс берудің тактикалық емес, стратегиялық маңызы бар, деп жазды РИА Новости.
Сайлаудың нәтижеі деп республикашылдардың конгрестің қос палатасында басымдыққа ие болуын және Ақ үйдің оппозициялық партиямен текетіресі басталатынында емес. Өйткені мұндай жағдай АҚШ-та жиі кездеседі: президент сайлауындағы жеңістен кейін билік етуші партия жиі жағдайда аралық сайлауда жеңіліп жатады.
2016 жылы АҚШ-та жүйелі ішкі саяси дағдарыс басталғанға дейін барлығы осылай болатын. Ал мына дағдарыста жеңілген тарап өз жеңілісін мойындамай, жеңімпазды сайлау нәтижесін бұрмалады, шетелдіктер араласты деп айыптайды. Яғни сайлауды да, билікті де делигимитизациялау байқалады.
Егер 2016 жылы президент билігін делегитимизациялау жолында алғашқы қадамдар жасалып, демократтар Трамптың президент болып сайлануына ресейліктер көмектесді деп жарияласа, онда қазір, яғни 2022 жылы мұның жаңа әдісі қолданылады. Жеңілген демократтар конгресті, яғни америкалық биліктің екінші құрауыш бөлігін заңсыз деп таниды.
АҚШ билігінің үшінші бөлігі – сотқа да қауіп төніп тұр. Демократтар Жоғарғы сотқа сенбейді. Бұл сенім, әсіресе, осы жылы бала алдыруға қатысты шешімнен кейін әлсірей түсті. Демократтар Жоғарғы соттағы судьялар санын арттыруды көздеп отыр. Бірақ мұны жүзеге асыру үшін оларға конгресте басым дауысқа ие болу керек.
"Қазір демократтар мерзімінен бұрын дауыс беру арқылы республикашылдардың сенатта көпшілік орын алуына кедергі жасай алса, онда Трамп партиясы заң шығарушы органның заңсыздығы туралы айта бастайды. Бірақ бұл сайлаудың негізгі нәтижесіне әсер етпейді. Бүгін АҚШ өзінің саяси жүйесін жоюға жаңа қадам жасап жатыр: олар 2016 жылы тығырықтан шыға алмай, бұрынғыдан да қатты былыққа батып жатыр", - деп жазды мақала авторы.
2024 жылы Америкада президен сайлауы өтеді. Қай тарап жеңсе де, бұл сайлаудың нәтижесін жеңілгендер мойындамайтыны анық деп қазірден айтуға болады. Әзірге делегитимизация үдерісі заңнан басқа барлық деңгейде дамып келеді: текетірес күшейіп, билік тармақтарына сенім төмендеп, қоғамда поляризация байқалып жатыр және азаматтық соғыс қаупі де артты. Бірақ 2024 жылға қарай жағдай түбегейлі жаңа деңгейге шығады: сайлау нәтижелерін мойындамау туралы жекелеген штаттар мәлімдеме жасайды.
"Мұндай мәлімдемеден кейін АҚШ-тың ыдырау процесі басталады. Ол бірнеше онжылдыққа созылуы ықтимал. Бірақ, бұл сайлаудан кейін бұрынғы АҚШ болмайды. Біртұтас мемлекет ретінде сақталып қалса да, АҚШ түбегейлі өзгереді, ал олардың кез келген жаһандық ұстанымы әлсірейді. Қытайға қарсы текетірес елдің барлық ресурсын жұмылдыруды қажет етеді. Еуропаға назар аудару да бәсеңдейді. Ресейді тежеудегі басты рөл атлантикалық блоктың шығыс бөлігіне, яғни Еуроодақ пен Ұлыбританияға қарай ығысады", - деп жазды мақала авторы.
Оның пікірінше, мұны жүзеге асыруға Ұлыбританияда қажетті ресурс жоқ, ал Еуроодақ Украина үшін Ресеймен ұзақмерзімді қақтығысты жалғастыруға стратегиялық тұрғыдан мүдделі емес. Бұл онжылдықтардың соңына қарай болатын болжам. Дегенмен, 2022 жылдың 8 қарашасындағы сайлау АҚШ 2016 жылғы бағыттан ешқандай ауытқымағанын көрсетеді.