Өңірлер

Табыс таппақ болған ақтөбелік жаңа кредит төлеуге мәжбүр

Ол енді банкке 4 миллион теңге қарыз
Sputnik
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Ақтөбе тұрғыны алаяқтарға сеніп, банкке төрт миллион теңге қарыз болып қалды.
Аймақтық "Диапазон" басылымының жазуынша, сенгіш тұрғын алаяқтарға алданған.
Ер адамға біреу телефон соғып, өзін инвестициялық компанияның менеджері екенін айтқан. Табысын еселеп беруді ұсынған.
"Ер адам өзі туралы барлық ақпаратты бейтаныс адамға бірден айтып берген. Ал уәде етілген ақшаның орнына банктен 4 миллион теңге алғаны туралы хабарлама келген", - деп жазады басылым.
Полиция департаментінің хабарлауынша, алаяқ әлі табылған жоқ.