АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Қазақстанның әділет вице-министрі Алма Мұқанова еліміздегі сайлау процесіне шетелдіктер араласпауы үшін қандай шаралар атқарылғанын баяндап берді.
Оның айтуынша, сайлау туралы жаңа түзетулер шетелдіктердің араласпау қағидасын бекітті. Атап айтқанда, сайлау комиссиясының мүшелерін жасақтау кезінде осы постулатты сақтау қажет.
"Қазір аккредиттеуге өтініш жолдаған қоғамдық ұйымдарға екі құжат тапсырса жеткілікті. Біріншісі – сайлауды бақылауға арналған аккредитациядан өту туралы өтініші, екіншісі – жарғылық қызметтен тиісті үзінді", - деді ол.
Вице-министр шетелдік бақылаушыларға да сайлауды қадағалауға рұқсат берілетінін атап өтті. Бұл ретте сайлауға қатысатын барлық субъектіден процеске араласпау талап етіледі.
Алма Мұқанова шетелдік араласудың өте кең ұғым екенін және оны кез келген жолмен сипаттауға болатынын атап өтті. Бұған мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелері әсер ететін ақпараттық қысым түріндегі кедергілер, технологиялық кедергілер жатады.
"Бұл заң жобасында барлық мемлекеттік орган, сайлау процесіне барлық қатысушы мемлекетіміздің ішкі сайлау процесіне шетелдіктің араласуға жол бермеу қағидасы бекітілген", - деді әділет вице-министрі.