Қазақстан азаматтары Иранға визасыз кіре алады – сыртқы істер министрлігі

Sputnik
АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Осы аптадан бастап Иранда қазақстандықтар үшін визасыз режим енгізіледі. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Иран Ислам Республикасы визасыз режимді екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамыту үшін енгізіп отыр.
"2022 жылғы 11 қарашадан бастап Қазақстан азаматтары үшін визасыз режим енгізіледі. Бұл біздің азаматтарымызға Иран аумағында 14 күнге дейін болуға мүмкіндік береді", - деді Смадияров астанадағы брифингте.
Оның айтуынша, осы жеңілдікті жарты жылда бір рет пайдалануға болады.
Айта кетері, бұған дейін Қазақстанда Иран, Қытай мен Үндістан азаматтары үшін визасыз режим енгізілген болатын. Олар да екі апта визасыз жүре алады.