АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Бас прокуратура ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшыларына қатысты қылмыстық істі зерделеу нәтижесі бойынша тергеу органының айыптау актісін бекітті.
Қылмыстық іс Астана қаласының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына қарау үшін жолданды, деп хабарлады бас прокуратура.
Қылмыстық іс "өте құпия" белгісімен тергелген және сотпен де осы тәртіпте қаралады.