АҚШ-та аралық сайлау әлі аяқталмаса да, америкалықтар 8 қарашадан кейінгі елдің тағдырына алаңдаулы. Сауалнаманың барлық нәтижесі республикашылдар конгреске басым өкілдермен кіруі керек екенін көрсетіп тұр. Олардың сенатты да бақылауға алуының мүмкіндігі зор, деп жазды РИА Новости.
Егер сайлау әділ өтетін болса, онда республикашылдардың жеңіскке жетуі ықтимал. Конгресте басым дауысқа ие болған олар немен айналысады?
Бұл тұста республикашылдарға дауыс беретін адамдардың көңіл-күйін түсіне білу керек. Екі жыл бұрын олар алданған салымшылардың күйін кешті. Себебі, сайлау учаскесіне келіп, Трампты қолдап дауыс бергенімен, Джо Байден президент атанды. Осыдан кейін демократиялық партияның шешімдері нәтижесінде соғыс және бүкіл әлем алдындағы америкалық армияның жеңілісі, ауқымды инфляция, халықтың кедейленуі, қымбатшылық, АҚШ бюджетінен ондаған миллиард қаражат алып жжатқан Украина сынды оқиғалар бірінен кейін бірі орындала бастады. Енді республикашылдар қалай да Джо Байденді биліктен кетіруді көздеп отыр.
Бүгінде "Джо кетсін" деген ұранмен ондаған миллион америкалықтар бірігіп жатыр. Оларды түсінуге болады. Байден әкімшілігі әлемнің бірінші экономикасын талан-тараж етіп, рецессияға жақындатты және мұны сыпайы түрде экономикалық дағдарыс деп атады.
Америка қалаларында қылмыс саны артты. Мексикамен арадағы шекараның ашық болуы жағдайды ушықтырып тұр. Ақ үй оны бақылаудан бас тартып отыр.
Байден дәуірінің таңғаларлық феномені – өркениетті әрі демократиялық Калифорнияның тұрғындары жаппай Мексикаға қоныс аударып жатыр. Ол жақта баспана жалдау, азық-түлік, медицина және тағысын-тағылар әлдеқайда арзан.
"Байден әкімшілігінің қабылдаған шешімдері қатарында масқаралығы жағынан көш бастап тұрғаны – америкалық армияның одақтастармен келіспестен, Ауғанстаннан жаппай кетуі. Ондаған миллиард доллар тұратын техника ауған жерінде қалды", - деп жазды мақала авторы.
АҚШ стратегиялық мұнай резервінің талан-таражға түсуі де америкалықтарды алаңдатып отыр. Байден бензин бағасын тұрақты ұстап тұру үшін резервтегі мұнайды жұмсап жатыр. Осылай жалғаса берсе, Америка жақын уақытта резервсіз қалатын түрі бар.
Республикашылдар енді Байден мен вице-президент Камала Харриске импичмент жариялауды жоспарлап отыр. Дегенмен, АҚШ конгресіндегі республикашылдардың көшбасшысы Кевин Маккарти импичментті тікелей қолдаудан әзірше басын алып қашып отыр. Демократтар ол импичменттің орнына президенттің, оның отбасының және бүкіл әкімшіліктің қызметі туралы шексіз талқылаулар мен тыңдаулар ұйымдастыру арқылы мәселені тәмамдайды деп үміттенеді.
Бірақ Маккартиге респуликашылдар мен 2024 жылғы президент сайлауына қатысуға ниетті олардың көшбасшысы Дональд Трамп қысым көрсетіп отыр. Егер, сайлау бүгін өтсе, ол сөзсіз Байденді жеңіп шығар еді. Ресми мәртебенің жоқтығына қарамастан, ол АҚШ-тағы беделді саясаткерлердің қатарында тұр. Республикашылдар Джо Байденге қарсы оның ұлы Хантерді қарсы қолдануды көздеп отыр.
"АҚШ-тағы импичмент рәсімі быылай өтеді: алдымен ұсыныс бойынша конгресте дауысқа салынады. Егер ол қабылданса, іс АҚШ сенатына жолданады да, одан кейін президент сот отырысын күтеді. Нәтижесінде кем дегенде 67 сенатор президентті айыптаулардың кем дегенде біреуі бойынша кінәлі деп тануы керек. Республикашылдар сайлауда сенатта көпшілік дауысқа ие болса, Байденге қарсы импичмент шындыққа айналуы ықтимал", - деп жазды автор.