АСТАНА, 7 қараша – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов Климаттың өзгеруі жөніндегі жаһандық конференцияның (COP27) Әлем көшбасшылары саммитіне қатысу үшін Шарм-эш-Шейх қаласына барды, деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Климат жөніндегі дүниежүзілік саммиттің жұмысына 120-дан астам елдің өкілдері қатысады. Мемлекет және үкімет басшылары климаттың өзгеруінің ең өзекті мәселелері бойынша өз елдерінің көзқарасын білдіретін "ұлттық үндеу" жасайды.
Саммит аясында Әлихан Смайылов бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.

БҰҰ-ның Климаттың өзгеруіне қарсы күрес жөніндегі COP27 конференциясы 6-18 қараша аралығында өтеді.