АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Петропавлда су құбырында ірі апат болып, бірнеше ауданның тұрғындары сусыз қалды.
Су құбырындағы апаттан қала орталығындағы көшені су басты. Әлеуметтік желі қолданушылары оқиға орнынан видео бөлісіп жатыр. Адамдардың айтуынша, бүкіл қалада су беру тоқтатылған.
"Жұмабаев пен Абай көшелерінің учаскесінде диаметрі 800 миллиметр су құбырына зақым келді. Қазір зақымдалған учаскеде суды сөндіру жұмысы жүріп жатыр. Сол себепті қалаға су беру қысымы төмендетілді", - деп түсіндірді "Қызылжар су" ЖШС баспасөз қызметі.
Кәсіпорынның баспасөз қызметі бір сағаттан кейін қысым қалпына келетінін атап өтті.
"Бірақ осы учаскеге қарайтын 10 үйге су тек бір тәуліктен кейін, апаттың салдары жойылған соң ғана беріледі", – деді "Кызылжар су".