Өңірлер

"Казахстанская" шахтасында қаза болған ер адам 24 жаста болған

Sputnik
АСТАНА, 6 қараша – Sputnik. Қарағанды ​​облысының полиция департаменті "Казахстанская" шахтасындағы жұмысшының өліміне қатысты түсініктеме берді.
"6 қарашада Шахтинск қаласында Ленин және Казахстанская шахталарының арасындағы трансформаторлық кабинаның жанынан 24 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Бұл факті полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оның қорытындысы бойынша процестік шешім қабылданады", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін "Казахстанская" шахтасының аумағынан кәсіпорынның көмір департаменті бөлімшелерінің бірінде істеген қызметкердің мәйіті табылғаны хабарланды.
Еске салсақ, 3 қарашада Қарағанды ​​облысының Шахтинск қаласындағы "АрселорМиттал Теміртау" шахталарының бірінде төтенше жағдай болды. Газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен газ шығып, салдарынан төрт жұмысшы қаза тапты. Кейін бесінші кеншінің денесі табылды.
Оқиға
Президент шахтада қаза болған жұмысшылардың отбасына көңіл айтты