Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында жер сілкінісі болды

Sputnik
АСТАНА, 5 қараша – Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігінің "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Астана уақыты бойынша сағат 06.08-де жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан батысқа қарай 683 шақырым жерде Қазақстан мен Өзбекстан шекарасында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10.3. MPV магнитудасы 4,9. Тереңдігі 15 шақырымды құрады.
Алматыдан 320 шақырым жерде жер сілкінді