Батыс Қазақстанда браконьерлер гаражда 120 келіден астам балық пен есірткі сақтаған

Sputnik
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Браконьерлер гаражда 120 килограмнан астам балық пен есірткі сақтаған, деп хабарлады Polisia.kz.
Атырау облысы прлиция департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында есірткі мен бекіре тұқымдас балықты заңсыз сақтаған үш ер адамды анықтады.
Олардың бірінің гаражын тінту кезінде салмағы 101 килограмм болатын частик балық, 20 килограмм бекіре тұқымдас балық және 7 дана есірткі заты табылды. Күдіктілердің бірінің гаражынан 5 моторлы қайық пен тіркелмеген 16-калибрлі қос ауызды шолақ мылтық тәркіленді.
Қазір үш күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қызылорда облысында заңсыз киік аулағандар ұсталды