Өңірлер

Петропавлдық полицейлер 5-қабаттың терезесінде тұрған баланы аман алып қалды

Sputnik
ПЕТРОПАВЛ, 4 қараша - Sputnik. Петропавлдық полицейлер 5-қабаттың терезесінде тұрған баланы аман алып қалды, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Түскі үзіліс кезінде Володарский көшесіндегі үйдің жанынан өтіп бара жатқан полиция подполковнигі Сергей Земский мен полиция майоры Ерболат Қожахметов 5-қабаттың ашық терезесінде тұрған кішкентай баланы көрген.
Баланы құтқарған полицейлер
"Полицейлер сәбиді бөлмеге кіруге көндірді. Баланың терезені жауып алғанына көз жеткізген соң, полиция қызметкерлері үйге кірді. Олар есікті тауып алып, баламен сол есік арқылы сөйлесті. Осы уақытта олар ювеналды полиция қызметкеріне хабарласып, көршілердің арқасында баланың ата-анасына телефон соқты", - деді полицияда.
Төрт жасар баланың анасы мүгедектігі бойынша тіркелу керек. Сондықтан ол күйеуімен бірге ауруханада болған.