Астана әуежайы күзгі-қысқы кестеге көшті

Sputnik
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. Астана әуежайы күзгі-қысқы навигация кестесі бойынша жұмысын бастады, деп хабарлады әуе айлағының баспасөз қызметі.
4 қарашадан бастап Астана әуежайы навигацияның күзгі-қысқы кезеңінің кестесі бойынша жұмысты бастады. Ол ұшу мүмкіндіктерін кеңейтеді және елорда әуежайы арқылы саяхаттайтын жолаушылар үшін жаңа бағыттарды ашады.
Әуежай қызметтері мен бөлімшелерінде күзгі-қысқы навигация кезеңінде, оның ішінде аса төмен температурада ұшу қауіпсіздігі мен жүйелілігін және әуе айлағының үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша дайындық іс-шаралары жүргізіледі.
Әуеайлақтың жасанды жабындарында (ұшу-қону жолақтарында, перрондарда, такси жолдарында) жеткілікті мөлшерде, тіпті үлкен мөлшерде мұз түзілімдерімен күресу үшін химиялық реагенттер сатып алынды.
Өндірістік процеске тартылған әуежайдың негізгі қызметтерінің персоналы күзгі-қысқы кезеңдегі қызметтің ерекшеліктері туралы қажетті нұсқаулықтан өтті.
Сондай-ақ әуе айлағының серіктестері рейстердің жиілігін арттырып, кейбір бағыттарда жаңа рейстерді ашады:
Turkish Airlines 5 желтоқсаннан бастап Анкараға рейсті аптасына 2 рет дүйсенбі және сәрсенбі күндері ашады;
SCAT 20 қарашадан бастап Алматы-Астана-Ыстамбұл бағыты бойынша аптасына 3 рет сейсенбі, жұма және жексенбі күндері ашады;
Fly Dubai 30 қазаннан бастап Дубайға рейстерді аптасына 12-ден 14 ретке дейін арттырды.