Алматыдан 320 шақырым жерде жер сілкінді

Sputnik
АСТАНА, 4 қараша – Sputnik. "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС сейсмикалық станциялар желісі Астана уақыты бойынша сағат 13.06-да жер сілкінісін тіркеді.
Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 320 шақырым жерде Қытай аумағында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9.5. MPV магнитудасы 3,9. Тереңдігі 15 шақырым болды.