Сейсмологтар Қазақстанда жер сілкінісін тіркеді

Sputnik
АСТАНА, 3 қараша - Sputnik. Төтенше жағдайлар министрлігі "Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы" ЖШС-нің сейсмикалық стансалары бір күн бұрын Астана уақытымен 21.23-те (GMT 15.23) жер сілкінісін тіркеді.
Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан солтүстік-шығысқа қарай 753 шақырым жерде, Қазақстан аумағында болды. Қытаймен шекарадан алыс емес.

Жер сілкінісінің энергетикалық класы 9,0, MPV, магнитудасы 3,9. Ал тереңдігі 15 шақырымға жетті.
Әлем
Телеарнаның тікелей эфирі кезінде жер сілкінісі болды - видео