АЛМАТЫ, 3 қараша – Sputnik. Қарағанды облысының әкімдігі Шахтинскіде қаза тапқан кеншілердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қайтыс болғандар:
1. Бойченко Дмитрий Игоревич, 1991 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Еңбек өтілі – 8 жыл. Марқұмның артында анасы қалды.
2. Санжаров Андрей Павлович, 1980 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Еңбек өтілі – 21 жыл. Марқұмның ата-анасы мен екі баласы қалды.
3. Денис Анатольевич Инкин, 1984 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Әкесі, әйелі, қызы және қамқорлығында тағы бір туысы болған.
4. Қашкей Арман Қадіржанұлы, 1993 жылы туған, жерасты бұрғылау қондырғысының машинисі. Еңбек өтілі – 8 жыл. Марқұмның артында ата-анасы қалды.
5. Ынтыбеков Марғұлан Серікұлы, 1996 жылы туған, бұрғылау қондырғысы операторының көмекшісі. Жұмыс тәжірибесі – 2 ай. Марғұлан Серікұлының артында әкесі қалды.
Еске салайық, "Арселор Миттал Теміртау" АҚ-ның Ленин атындағы шахтасында газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау кезінде кенеттен газ жарылып, 5 жұмысшы қаза тапты. Қылмыстық кодекстің 277-бабының 3-бөлігі "Тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.