Қоғам

Астанада кәмелетке толмаған қызды автобуста зорлаған жүргізуші сотталды

Sputnik
АСТАНА, 3 қараша – Sputnik. Астанада кәмелетке толмаған қызды зорлаған автобус жүргізушісіне сот үкімі шықты.
Тергеу барысында анықталғандай, ер адам №1 автопаркте жүргізуші болып жұмыс істеген. Қылмыс жасалған күні ол автобус салонында кәмелетке толмаған қыздың дәрменсіздігін пайдаланып, оны зорлаған.
Сотталушының кінәсі жәбірленуші мен заңды өкілінің жауабымен, психиатр-психологтар және сараптамалардың қорытындысымен, ұялы телефон арқылы куәгермен жазысқан хаттармен және куәгерлердің жауаптарымен дәлелденді.
Сот үкімімен ер адам Қылмыстық кодекстің 120-бабы 3-1 тармағы 1-тармақшасы бойынша 17 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол педагогикалық және кәмелетке толмағандармен байланысты өзге де қызметтерді атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Қылмыскер қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда жазасын өтейді.
Үкім заңды күшіне әлі енген жоқ.