Оқиға

"АрселорМиттал Теміртауда" төтенше жағдай болды - 4 жұмысшы көз жұмды

Sputnik
АСТАНА, 3 қараша - Sputnik. "АрселорМиттал Теміртауда" төтенше жағдай болды. Кенеттен газ шығып, төрт адамның өмірін қиды. Ақпаратты Sputnik Қазақстанға төтенше жағдайлар министрлігі растады.
"Қайғылы оқиға түнгі 3-те Шахтинск қаласындағы Ленин атындағы шахтада болды. Газ дренаждық ұңғымаларды бұрғылау жұмысы жүргізіліп жатқан. Төрт адам ауруханаға жатқызылды. Бір жұмысшыны іздеу жалғасуда", - деді ведомствоның ресми өкілі Руслан Иманқұлов.
Сондай-ақ, алдын ала мәлімет бойынша 106 жұмысшы эвакуацияланған.
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін комиссия құрылып жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталады.
Өңірлер
"Арселор Миттал Теміртау" кәсіпорынға экологтарды кіргізбей отыр