АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Жетісу облысындағы тасжолдарда жылжымалы "Крис-П" фоторадарлары қолданыла бастады. Полиция департаменті нәтижесін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ресми мәліметке сәйкес, қазіргі кезде облыста 8 фоторадар бар. "Крис-П"-дің арқасында жол апаттары азайған.
"Мәселен, 26-31 қазан аралығында патрульдік полиция қызметкерлері "Крис-П" фоторадары пайдаланылған республикалық жолдарда жылдамдықты асыруға байланысты бірде-бір жол апатын тіркеген жоқ", - дейді полицейлер.
Ал бұған дейін екі айдың ішінде республикалық автожолдарда 42 жол апаты болған. 20 адам қаза тауып, 73 адам түрлі дене жарақатын алды. Жол апаттарының негізгі себебі – жылдамдықты асыру.
"Бір апта ішінде Крис-П фоторадарлары жылдамдықты асырудың 276 дерегін тіркеді. Облыс полицейлері ауа райының нашарлауын ескере отырып, көлік жүргізушілерінен жол ережесін қатаң сақтауды, рұқсат етілген жылдамдық режимінен асырмауды сұрайды", - делінген ресми хабарламада.