Форумды Ресей цифрлық даму, байланыс және бұқаралық коммуникациялар министрлігінің қолдауымен "Россия сегодня" халықаралық медиа тобы ұйымдастырып отыр.
Пікірталасқа саяси элита, БАҚ, сарапшылар қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ ТМД елдерінің жетекші жоғары оқу орындарының мамандандырылған факультеттерінің басшылары қатысты.
Форумның пленарлық отырысы посткеңестік кеңістіктің медиа саласындағы даму жолының ұқсастықтары мен айырмашылықтарына, кәсіби қоғамдастық өкілдері арқылы шешуді қажет ететін проблемаларға арналған.
Тақырыптық сессияларды журналистік білім беру, фактчекинг және әлеуметтік желілердегі жұмыс стандарттарына арнау жоспарланған.
Пленарлық отырысқа "Россия сегодня" ХАА коммуникациялар жөніндегі директоры Петр Лидов-Петровский модераторлық етеді.