АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Зайсан ауданында газ құбыры тесілді. Соның салдарынан 9 ауылда 1700 үй жылусыз қалды, деп хабарлайды Хабар 24 арнасы.
Аудандық комиссия газ құбырының неден тесілгенін анықтайды. Болжамға сәйкес, жүк көліктерінің салмағымен жерасты газ желілерін зақымдалған. Құбырдың тесілген жері анықталды. Айнабұлақ ауылына мамандар жеткен.
"Газ құбырлар дәнеркерленген жерде шыға бастады. Сағат 12:00-де газ тоқтатылды. Зайсан тұрғындарына әлеуметтік желілер арқылы хабар берілді. Халық түсіністікпен қарап отыр. Қазіргі кезде қалада ауа температурасы +10 градус, жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр", - деді аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Данияр Серіков.
Айта кетері, бұған дейін Риддер қаласында жылу станциясының қазандықтары уақытша тоқтатылған болатын.