АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. Спорттық гимнастикадан Қазақстан ұлттық құрамасының лидерлері Милад Карими мен Нариман Құрбанов Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатының финалына шықты, деп хабарлады Olympic.kz.
Карими еркін жаттығулардағы іріктеуден сәтті өтті. Ол 14.733 ұпай жинап, үшінші орынмен финалға өтті.
Құрбанов та іріктеу кезеңін үшінші болып аяқтады. Ат үстіндегі жаттығуларда төрешілер оның өнерін 15,033 ұпаймен бағалады.