Павлодар облысында ағаш ұрлаған орманшы ұсталды

Sputnik
АСТАНА, 2 қараша – Sputnik. "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында ауылдық округтердің біріндегі тәртіп сақшылары құрғақ ағаш тиелген көлікті тоқтатты. Машинаны жергілікті орманшы жүргізген, деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аққулы ауданының полицейлері "Ертіс орманы" орман шаруашылығы аумағында 6,96 текше метр көлеміндегі "қарағай" тұқымды құрғақ ағаш тиелген ГАЗ автокөлігін тексерді. Тексеру барысында жүргізушінің "Ертіс орманы" мекемесінде орманшы болып жұмыс істейтіні және осы ағашты алып шығуға тиісті рұқсат құжаты болмағаны анықталды. Ұрлық фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
2022 жылғы 20 қазан мен 19 қараша аралығында Павлодар облысының аумағында "Браконьер" жедел-профилактикалық шарасы жүргізіліп жатыр.
"Қазірдің өзінде табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 69 фактісі анықталды. Оның ішінде 42-сі заңсыз аңшылық, 25-і балық аулау ережесін бұзу фактілері болып отыр. Кінәлілерге жалпы сомасы 413,5 мың теңге айыппұл салынды", - деді Павлодар облысы ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының инспекторы Дәурен Қабышев.