Еуропада азық-түлік дағдарысы туындауы мүмкін

Sputnik
Еуропада азық-түлік дағдарысы басталып жатқаны туралы жергілікті БАҚ шілдеден бастап ара-тұра ескертіп жатты, деп жазды РИА Новости.
"Алдағы апталарда бидай тапшы болуы мүмкін. Фермер шаруашылығы федерациясы ауа райының қолайсыздығынан, атап айтқанда құрғақшылыққа байланысты астық түсімі нашар болады деп қауіптенетінін айтты. Астық өсірушілер қарақұмық сияқты басқа дақылдарға қатысты да осындай алаңдаушылық білдірді. Өз кезегінде бұл факторлар әр түрлі сұрыпты ұн тапшылығына әкелуі мүмкін", - деп жазылған осы жылдың 15 шілдесінде жарық көрген мақалада.
Арада алты ай өтпей жатып-ақ Leclerc және Super U атты екі ірі желілік ретейлер басшылығы одан да нашар болжаммен бөлісті. Мишель-Эдуард Леклерк пен Доминик Шельшердің көзқарасы бойынша, ел азық-түлік бағасына қатысты бұрын-соңды болмаған инфляцияға ұшырауы мүмкін. Леклерктің айтуынша, ол жыл соңына дейін 17 процентке жетуі мүмкін, дәлірек айтқанда, 16,9 процент болады. Ал Шельшер бұған қоса, әдеттегі өнімдердің кем дегенде он проценті сатылымнан жоғалып кетеді деп есептейді.
"Монд" газетінің ұжымдық теоретигі ретейлерлер келтірген сандарды растап, Франциядағы қазіргі инфляция деңгейі бұрын-соңды болмаған дәрежеге жеткенін және дүкендердегі мұндай қымбатшылық соңғы рет 30 жылдан астам бұрын болғанын айтты.
Бір қызығы, орындау талаптарын бұзғаны үшін Ресей өз қатысуын тоқтатқан астық мәмілесі 22 шілдеде күшіне енген. Бұл еуропалық медиа ауа райының қолаайсыздығына байланысты нашар астық түсімі, соның салдарынан құрлықта астық тапшылығы туындауы туралы жазған уақытпен тұспа-тұс келеді.
Осы астық мәмілесі келісімдерін қадағалап, келіссөздерге жетекшілік еткен БҰҰ мәліметі бойынша, теңіз дәлізімен экспортталған астық жүгінің 47 проценті "табысы жоғары" елдерге жөнелтілген. Ал 27 проценті "орта және жоғары табысы бар" мемлекеттерге бағытталды. Астықтың қалған 26 проценті кедей елдерге жеткізілген.
Осы дерекке сәйкес, Германия Йеменге қарағанда екі есе көп астық алған. Сол сияқты, Францияға Сомалимен тең көлемде астық жеткізілген. Ал Германия мен Франция әлемдегі астық өндірушілердің ондығына кіреді.
Еуропадағы құстарға арналған құрама жемнің ішінде бірінші кезекте бидай, одан кейін жүгері бар екенін де ескеру керек. Ал бидай түсімі нашар болғаны туралы жарты жыл бұрын хабарлады. Францияның ауыл шаруашылығы министрлігі биылғы астық түсімі өткен жылдың көктем мен күзіндегі көлемнен екі миллион тоннаға аз екенін мәлімдеді.
Осының барлығына жанармай бағасының қымбаттауын және ескерілген инфляцияны қосу керек. Сонда ретейлерлер ескерткен азық-түлік тапшылығы қайдан шыққаны белгілі болады.
Жаңа жылға дейін фермерлер және көтерме саудагерлермен келісу арқылы бөлшек саудагерлер сауда баржасын ұстап тұра алғанымен, жаңа жылдан кейін дүкен сөрелері біршама босап қалатыны белгілі.
"Еуробюрократтар Сомали мен Йемен халқынан қауіптеніп отырған жоқ. Себебі, олар біріккен Еуропаға ешқандай қауіп төндіріп тұрған жоқ. Еуробюрократтар шыдамы таусылуға жақындаған өз азаматтарынан, еуропалықтардан үрейленіп отыр", - деп жазды мақала авторы.